Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жалған мәлімдеме берген азамат қамауға алынды

39-жастағы ақтөбелік азамат полицияға өзіне қарақшылық жасалғаны туралы шағым түсірген. Ал шын мәнінде азамат ұялы телефонын жоғалтып, кроссовкасын досының үйінде ұмытқан.

t0G4LEUGZ5vG

Бұл туралы diapazon.kz жазған.

Ақтөбе облысы ІІД хабарлауынша, 2 тамыз күні ақтөбелік азамат полицияға шағым түсірген. Ол бейтаныс адамның оның ұялы телефоны мен аяқ киімін күшпен тартып алғанын хабарлаған. Шағымданушының арызына сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын.

11 тамыз күні тергеушілер шағымданушының мас күйінде телефонын жоғалтып, аяқ киімін досының үйінде ұмыт қалдырғанын анықтаған.

Енді жалған ақпарат және жалған мәлімдеме түсіргені үшін арызданушының үстінен Қылмыстық кодекстің бірден екі тармағы бойынша қылмыстық іс қолғалмақ.

Тармақ бойынша жалған ақпарат түсіргені үшін азамат 3 жылдан 7 жылға дейін, ал жалған түсініктеме бергені үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір айыпталушы уақытша қамау изоляторында отыр.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыда полицейлер заңсыз алма сатқан қарияны соққыға жықты (фото)

Астанада қарулы қарақшы ломбардтың 2 қызметкерін тұтқынға алып отыр

 

Талқылау