Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жалған дипломның иесі жауапқа тартылды

Жалған құжатты пайдаланған азаматтың ісін Ақтөбе облысы  Ырғыз аудандық соты қараған.  Айыпталушы ол құжатпен жұмыс істеп жүрген жерінде ұсталған.

1

Сотталушы 2009 жылы қаңтарда Алматыдағы ЖОО бірінен «психолог» мамандығы бойынша диплом алған.  Ол құжатының жалған екенін біле тұра осы аудандағы орта мектептердің біріне жұмысқа орналасқан.

Сот барысында күдікті өз кінасын толықтай мойындаған. Әрі соттан жазасын жеңілдетіді сұрады,- деп хабарлайды  Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот азаматшаның бұрын соңды істі болмағанын, кінасін мойындағанын ескере отырып 59 460 теңге көлемінде айыппұл салды.

Сот үкімі әлі күшіне енбеген.

Талқылау