Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде зауытта жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында №4 балқыту цехының №41 пешінде жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты.

83201-preview-image

Сурет: wikimapia.org

Бүгін «ТНК «Казхром» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 8 мамырда орын алған. «Қазхром» баспасөз қызметінің басшысы Инесса Панкеева «МФ Универсал» ЖШС Қарағанды мердігерлік ұйымының қызметкерлері» ТМТ-машина гидрожүйесін керосинмен жуып жатқан, сол уақытта әзірге анықталмаған себептен  жарылыс болып, жабдық өртке оранған.   Оқиға салдарынан «МФ Универсал» ЖШС-ның екі жұмыскері ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды».

Жазатайым оқиғаның себептері тергелуде. Сондай-ақ қаза тапқандар 1990 және 1988 жылы туылған. Ақтөбе ТЖД-де хабарлағандай, тілсіз жау бірден ауыздықталды. Оқиға орнына жеке құрамнан 33 адам, 9 автомашина жетті.

Зауытта өндірістік үдеріс тоқтатылмайды. Цехта қазір еңбек инспекциясынан комиссия жұмыс істеп жатыр. Ол жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесі сақталды ма, жоқ па, соны анықтайды. «ТНК Қазхром» АҚ басшылығы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Талқылау