Ақтөбеде туризмді дамытуға “түнгі көбелектер” де үлес қосып келеді

Бейсенбі, 14 Шілде , 2016 14:51

Туризмді дамытуға жауапты басқарма Ақтөбе облысындағы қонақ үйлерге тоқтаған қонақтар санын түгендеп шықты. 70-ке тарта қонақ үйлер мен хостелдерде былтыр 83,5 мың адам қонған екен. Түскен қаражат көлемі 1,4 млрд теңгеден асады.

795255464f2ed746a5b3af321c4f7791

Бұл туралы “Тілші” агенттігі хабарлайды.

Осы жылдың басынан бері Ақтөбе қонақ үйлері 16,8 мың адамға қызмет көрсетіп, 289 млн теңге түскен.

“Қонақ үйлерге тоқтаған адам санын есепке алуды ойластырған біз емес. Бұл бұрыннан бар. Бес жыл емес, он жыл емес, одан да ертерек басталған. Қонақ үйге тоқтағандар санын әр облыс туристік есепке қосып отырады”, — дейді облыстық туризм және сыртқы қатынастар басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы.

Жалпы, қонақ үйлерге келетіндердің барлығы бірдей турист емес екені белгілі. Спорттық сайыстарға қатысатындар бар, мәдени шараларға келушілер көп, іссапармен жүретіндер де аз емес, желілік маркетинг, т.б. жұмыспен қонақ үйлерге тоқтағандарды турист санатына қоса салу қаншалықты орынды екені түсініксіз.

“Олай болса, Ақтөбе вокзалы маңындағы пәтерлер мен арзан “бордельдердің” тұрақты клиенттері де турист болғаны ғой. Туризмді дамытуға жезөкшелер де үлес қосып жатыр ма, сонда”?, — дейді ақтөбелік Дархан есімді азамат.

Айта кетейік, бүгінгі шарада Ақтөбе облысының ішкі туризмін дамыту жайы да сөз болды.

Облыстың туризміне жауапты шенеунік Ермек Кенжеханұлы өзінің қонақтары мен өзге қаладан келген достарын қайда қыдыртатынын да бірден айта алмады. Тек Қарғалы ауданындағы табиғаты сұлу бір орынды атады. Оның айтуынша, облыс туризмін дамытуға қатысты 2016-2020 жылдарға арналған арнайы бағдарлама әзірленген.

“Бұрынғы бағдарламалар орындалды ма?”, “Неліктен үнемі біз әрекет етіп жатырмыз”, “Болашақта осындай жұмыстарды қолға аламыз дегеннен қашан арыласыздар?” деген сарындағы сауалдарға Ермек Кенжеханұлы “біздің басқарманың құрылғанына 6 ай болды, бұрынғы адамдардың жұмысына жауап бере алмаймын, оны өздерінен сұраңыздар” деп шорт кесті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қарамағындағылардан “біз жұмыс жасап жатырмыз, мәселе назарда, қарастырып жатырмыз” деген сарында жауап бермеулерін өтінген болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар