Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру жөніндегі бес меморандумға қол қойылды

Келісімнің негізгі қатысушылары Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып отыр. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Банк Басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов келісім шартқа қолдарын қойып, бекіткен-ді.

pogudx4n1u3q5i70u

Аймақтық Кәсіпкерлер Палатасымен бекітілген меморандум аясында Ақтөбе облысында жергілікті 15 компанияның басын біріктіретін құрылыс кластері жасалмақ. Ол – құрылыс салушылар, құрылыс материалдарын өндірушілер мен жобалық ұйымдар. Мұның барлығы арзан әрі сапалы тұрғын үй іргесін көтеру мақсатында жасалып отыр.

Оған қоса, қол қойылған меморандумдарда облыс пен прокуратураның ІІД және ТЖД қызметкерлері үшін әлеуметтік тұрғын үй құрылысы қарастырылған.

«Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысының дамуына аса назар аударады. Оның тапсырмаларын іске асыру аясында біздің обылысымызда соңғы 5 жылдың ішінде 2,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, облыстағы 19 мыңнан астам отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – дейді Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде Айбатыр Жұмағұлов облыс басқармасына нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Ақтөбеде салынып жатқан тұрғын үйлердің жоғары сапасын атап өтті.

«Бүгінгі күн облыста бағдарламаны жүзеге асыру барысында бізде ешқандай қиындық туындаған жоқ. Тұрғын үй құрылысы бойынша Ақтөбе – Алматы мен Астанадан соң көшбасшылар қатарында. Үстіміздегі жылы өңірдегі клиенттік базадағы салымшылар санын 60 мыңға дейін ұлғайтпақпыз», – дейді ҚТҚЖБ Басқарма төрағасы.

Дәл осы күні Ақтөбелік 540 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды. Олар – банк салымшылары мен ЖАО-да кезекке тіркелгендер. Жаңадан салынған үш үй Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында тұрғызылған. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгені құрайды.

Талқылау