Ақтөбеде туған анасын пышақтап өлтірген 25 жастағы қыз сотталды

Сәрсенбі, 17 Қаңтар , 2018 11:16

Ақтөбеде туған анасын пышақтап өлтірген 25 жастағы Оксана Диде сотталды.

Сот құжаттарына сүйенсек, сотталушы былтыр қазан айында ішімдік ішіп, үйінде анасымен жанжалдасып қалған. Анасы мен қызы төбелесіп, сол кезде айыпталушы шешесіне ас үй пышағын ала жүгірген. Бірнеше рет ішінен пышақтаған. Ауыр жарақат алған сотталушының анасы оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Сот отырысы кезінде айыпталушы Оксана Диде өзіне тағылған айыпты мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді.

«Оксана Диде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, 906 мың теңге сот шығындары өндірілсін», — деді судья Алтынбек Сабыров.

Тағы да оқыңыз:

Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді

Ашаршылықтан соң қайта табысқан әке мен баланың аянышты тағдыры

Еліміздің тұрғындары жаңа-жыл мерекесіне қарсы 195 млрд теңгеге сауда жасаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар