Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде топырақ басып, балалар жарақат алған жағажай иесі екі жылға сотталды

Ақтөбе қаласының соты топырақ басып, балалар жарақат алған жекеменшік жағажайдың жалға берушісін екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтерді көрсеткені үшін сотталды.

Ақтөбеде топырақ басып, балалар жарақат алған жағажай иесі екі жылға сотталды

Бұл туралы 31-арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Айыпталушы қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде үш жыл мерзімге мәдени-сауықтыру қызметімен айналысу құқығынан айырыла отырып, екі жыл мерзімге жазаланады. Сонымен қатар, жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды, ал сотталған адамнан жәбірленушілердің пайдасына 1 600 000 теңге және сот шығындарының мөлшері өндірілді»,- деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

Естеріңізде болса, шілде айында Ақтөбедегі жеке жағажайлардың бірінде топырақ құлап, екі кішкентай қыз бен үш әйел үйінді астында қалған болатын. Топырақтың астында қалғандардың ішінде, 10 айлық Злата Ерменчук қатты зардап шекті. Ол ауыр жарақат алды және әлі күнге дейін дәрігерлердің бақылауында. Кейіннен, сот топырақ көшкінінің ресми жағажайдан тыс жерде болғанын анықтады. Сөйтсе, жалға беруші шекаралық ара-қашықтықты сақтамаған болып шықты. Ол басқа учаскені меншіктеп, онда сәкілер орнатып қойғандықтан, салдары осындай үлкен даулы оқиғаға әкелді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау