Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тірідей ұсталған лаңкестер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Тірідей ұсталған террористер атып өлтірілуі мүмкін. Сенатор Серік Ақылбай елімізде өлім жазасына 13 жыл бұрын жарияланған мораторийды алып тастауды ұсынып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

image

Егер жоғарғы заң шығарушы органның бастамасы қолдау тапса, Ақтөбеде сойқан салған содырлар өлім жазасына кесіледі. Оның үстіне жақында президент те, қолына қару алып кісі өлтірген адамды аямау керек дегені есте.

Сенатор өлім жазасын қолданудан бөлек, араб елдерінде оқып келген студенттердің мешіттерде жұмыс істеуіне заңмен тыйым салуды ұсынып отыр. Себебі, шетелден санасы уланып қайтқан жастар жұртты да дінінен адастыруда. Сондықтан салафизм ағымына тосқауыл қоюды талап еткен халық қалаулысы оларды “қой терісін жамылған қасқырлар” деп атады.

“Сақалы ұзын еместері ішінде жүр. Сақалы жоқтар да жүр. Шалбары ұзындар жүр. Ол сыртқы белгі емес, ішкі дүниесіне де байланысты. Шалбары қысқа адамның барлығын ваххабист экстремист деп ұстап алып отырғыза берсек не болады?

Ол сыртқы бейне. Жалпы идеялардың ұлылығы таза дінде.  Оны белгілі топтар қарулы күшке айналдырып, өздерінің ниетін басқа мағынаға бұрып жатыр.  Бұны айыра білу керек”, – дейді Сенат депутаты Серік Ақылбай.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік дәрігерлер өздеріне бронды кеудеше сұрады

Ақтөбеде террористер тығылған үйдің тұрғындары атыстан қалай қашқандарын айтты

Ақтөбедегі лаңкестерді ұстаған арнайы операция туралы тың деректер пайда болды

Ақтөбедегі арнайы операция кезінде 5 лаңкестің көзі жойылды (видео)

Талқылау