Ақтөбеде террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі «сарыға» ауыстырылды

Жексенбі, 12 Маусым , 2016 18:53

Бүгін, 12 маусымда, Ақтөбе облысында лаңкестерді жою операциясы аяқталды.

1440026606

Сурет: ria.ru 

Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Нұрғали Білісбеков ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінде өткен брифингте мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстанның барлық аумағында террорлық қауіпке қарсы жүйе енгізілген еді.

«9 лаңкес ұсталды, 18-інің көзі жойылды. 23 бірлік қару тәркіленді, бір өндіріске біріктірілген 25 қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоаралық топ лаңкестік актінің барлық мән-жайын тергеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Тұтқынға алынғандар қылмысты әшкерелейтін айғақтар беріп жатыр», – деді Білісбеков.
Оның айтуынша, алдын ала деректер бойынша, лаңкестер қару иеленгеннен кейін түзеу мекемелеріне және жекелеген мемлекеттік органдарға шабуылдауды жоспарлаған.
Республикалық терроризммен күрес жедел штабының үйлестіруімен Ақтөбе жедел штабы күштерінің уақтылы ден қойған кәсіби іс-қимылының арқасында лаңкестердің қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. Басқа өңірлерден шұғыл түрде күштер жеткізілді. Мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-әрекетінің сапалы деңгейі қысқа мерзімде іздеуді сәтті жүзеге асырып, террорлық топтың барлық мүшелерін қолға түсіруге мүмкіндік туды.
Ақтөбе облысындағы лаңкестіктің қауіптілік деңгейі «қызылдан» орташа «сары» деңгейге ауыстырылды. Террорға қарсы орталық басшылығы атынан Білісбеков жазықсыз қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Сондай-ақ, ол облыс тұрғындары тарапынан көрсетілген қолдауды да атап өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде діни жиындардың дін мекемелерінен басқа жерде өткізілуіне заңмен тыйым салынбақ

Дін істері комитеті елімізде салафизмге тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Марат Алпамысов says:

    Бақылау мықты болған шығар Үкімет тарапынан, қаланы түгел қоршап тұрды ғой қарулы күштер, террористер қашып кетуге мүмкіндік ала алмады, әрбір қоғамдық орындарға өтушілер қатаң тексерілді

  • Арайлым says:

    Сенсация нағыз, ешбір елде дәл осындай жылдамдықпен лаңкестерді құрықтамаған шығар. Көрініп тұр өз жұмыстарын жақсы атқарғандықтары

  • Дина says:

    Полиция қызметкерлері тиімді жұмыс атқарды, мен бәрі ойдағылай болғанына сенемін.

  • Маржан Айдынова says:

    Қарулы күштеріміз де шаршаған шығар, барлық ауыртпалық оларға түсті, біздің үйге тығылғаннан басқа неміз кетеді)

  • Ергенбай says:

    Бұл қауіптің сейілгендігін көсетеді. Енді уфф деп бір демалуға да болатын шығар. Елде енді мұндай жағдай қайталанбасын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар