Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде террористер тығылған үйдің тұрғындары атыстан қалай қашқандарын айтты

Ақтөбеде түннен бері тыныштық жоқ. Қаланың бірнеше ауданы қоршауға алынып, көшелер жабылды. Әсіресе, шаһардың ескі бөлігінде еркін жүру мүмкін емес. Өйткені содырлармен қақтығыс осы жақта бірнеше сағат бойы жүрген, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

maski

Сурет: zanoza-news.com 

Бұған дейін Ақтөбедегі лаңкестерді ұстаған арнайы операция туралы тың деректер пайда болған. Іздеу жарияланған күдіктіге қатысты адам шошырлық деректер де анықталған еді.

Ақтөбедегі арнайы операция кезінде 5 лаңкестің көзі жойылғанын хабарлаған едік.

-“Түнде 11-де  келді ғой осылардың барлығы. Таңғы алтыларда атысты. Сол алтыдан әлі атысып жатыр”, – дейді Ақтөбед қаласының тұрғыны Жалғас Нұрбаев.

Бес қабатты бұл үйдің айналасынан БТР-ден бастап, мергендерді де, иісшіл иттерді де кездестіресің.

-“Қаланың қақ ортасындағы Некрасов көшесіндегі 79 үйде содырлар пәтерлердің бірін жалға алған. Кешқұрым жақын маңдағы дүкеннен іздеуде жүрген содырлардың бірі азық-түлік пен шылым алуға барған. Дәл қазір атысып, мылтық үні естіліп жатыр”, – дейді ол.

Тамақ алуға келген содырдың бірі Дмитрий Таңатаровты дүкеншілер жазбай танып, бірден құзырлы органдарға хабар берген. Жедел жеткен арнайы жасаққа лаңкестер бірден берілген жоқ. Атыссыз мәселе шешілмейтін болған соң тәртіп сақшылары бір сағаттай келіссөзбен уақыт созып, бес қабатты үйдің тұрғындары түгел эвакуацияланыпты. Сөйтіп, сарбаздар пәтерге басып кірген.Кескілескен ұрысты көзімен көрген тұрғындар шошып отыр. Атыс аяқталса да үйлеріне қайтуға қорқады.

– “Аллах уакбар деп айқайлаған дауыстар естілді. «Беріліңдер, тиіспейміз» деген сөздерді естідік. Лаңкестер көнбей айғайласып жатты”, – дейді  Ақтөбе қаласының тұрғыны қамажай Құрманғалиева.

-“Баяғыда боевик киноларда көретін едік. Мынау енді масқара сұмдық қой. Әлі жүрегім ауырып жылап алдым автобус ішінде. Қорқынышты ғой. Аямау керек хайуандарды”, – дейді Алтыншаш есімді тұрғын.

Пәтерге тығылған содырлар сөйтіп бірнеше сағат бойы берілмей, дәрмені біткенше оқ атумен болған. Ресми мәліметке қарағанда, 4 лаңкестің көзі жойылған. Оның біреуі ауыр жараланып, тірілей қолға түскенімен ауруханада көз жұмған Дмитрий Таңатаров. Ал қазір екі күдікті мен сыбайластары іздестірілуде. Түстен кейін тәртіп сақшылары Гришин көшесіндегі үйді де қоршауға алды. Бірақ онда не болғаны жайында ешкім тіс жармай отыр.

Талқылау