Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде террористер шабуылдаған әскери бөлімнің қызметкері күтпеген жерден күдікті ретінде ұсталды

Ақтөбеде 5 маусым күні болған қанды терактіні тергеушілер әлі зерттеп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында іс барысы күтпеген арнаға ауысып сала берген. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

14444

Іске күдіктілердің арасына жексенбі күні кезекші болған Қайнар Тастанбеков те кірген. Үш ай бойы куәгер ретінде іске араласқан ол, енді күдікті болып шыға келген. Майор бұған қатысты шағым түсіруде. Ол өзін құқық қорғаушылар әдейі кінәлі етіп шығармақшы деп санайды.

“Бесінші маусым күні дәл осы әскери бөлімде террористер кіріп келіп қанды қырғын жасады. Бірінші кезекте төтенше жағдай туралы мен облыстың ІІД-н, “Батыс” өңірлік қолбасшылығын хабардар ету керек болдым. Террористер шабуылдаған кезде мен осы талаптардың бәрін орындадым. Ал тәуліктік кезекшіліктегі екі жауынгерді менің командам бойынша алып кеттім”, – деді әскери қызметкер.

Терактіден соң майор Тастанбековты да өзге офицерлер секілді сұрау алуға шақыра бастайды. Сол кезде әскери бөлімнің басшылығы ауысады. Майор да жұмыстан шығып кеткенімен, бірақ тергеушілерге жауап беруді жалғастыра береді. Ал жуырда ғана ол өзін тәртіп сақшыларының кінәлі етпекші болып жатқанын білген.

“Кешеден бері мені күдікті деген мәртебеге ауыстырды. Әрі қарай не болатынын білмеймін. Қазірдің өзінде тіпті тұтқынға алу шарасын жүзеге асыруы мүмкін. Бізде қандай қитұрқылық болып жатқанын халық білуі керек. Қалайша адамды кінәлі ете салуға болады?!”, – дейді ол.

Ал күйеуінің кез-келген сәтте абақтыдан бір-ақ шығуы мүмкін екенін білген әйелі де не шара жасарын білмей дал.

144

“Кімдердің қатысы бар, барлығын жұмыстан шығарды. Ал өлгендер мен жарақат алғандардың барлығы батыр. Менің күйеуім бұл істе қылмыскер болуға шақ тұр. Біздің бір жастан асқан баламыз бар. Екіншісін күтіп отырмыз…”, – дейді көзіне жас алған Мәдина Тастанбекова.

Әскери тергеушілер әзірге толыққанды мәлімет бермей отыр. Тек біреуі ғана Тастанбековтың қылмыстық іске қатысы бар екенін растады. Ол 447 бап “ішкі қызметтегі жарғы ережелерін бұзған және гарнизонды бақылау кезінде ереже аясынан шыққан” деген айып негізінде күдікке ілініп отыр.

Бұған дейін Ақтөбедегі теракті кезінде террористердің бірін тірідей ұстап, полицияға тапсырған ер адамның марапатталғанын хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар тобы 5-ші маусымда қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары менәскери қызметкерлер оққа ұшқан. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы барболуы мүмкін деп атады.

Ақтөбедегі теракт барысында қарапайым қала тұрғындары мен әскери адамдар запа шегіп, өмірлерімен қош айтысты.

Оқи отырыңыздар:

Ақтөбедегі терактіден соңғы сәтте бас тартқан “діндардың” ағасы мән-жайды айтып берді

Ақтөбеде 5 маусым күні террористі ұстаған ер адам марапатталды

Талқылау