Ақтөбеде террористер өлтірген Досболдың орындалмаған арманы (фото)

Бейсенбі, 9 Маусым , 2016 11:19

«Ұлым батыр болса екен» деп армандамайтын ана, осы арманға ұмтылмайтын әке жоқ шығар. 19 жыл бұрын Еркінбек пен Жұлдыз есімді жас жұбайлардың да осындай арманы пайда болған еді.

20160609105558

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20160609105535

11-сыныпты аяқтаған Досбол достарының ортасында

Араға 18 жыл салып, кәмелет жасына жеткен Досболдың тілегін құп көрген ата-ана оны батыр болсын, Отанының тыныштығын күзетсін деп әскерге аттандырады. Анасы Досболды одан қайтып көрмеген деседі, әкесі былтыр Ант қабылдау рәсіміне куә болған. Ақтөбе қаласындағы №6555 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Досбол Еркінбекұлы Сапар лаңкестердің оғына кеудесін тосып, әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасын аман сақтаған адамның бірі болды. Осылайша, Отан алдындағы, ата-ана алдындағы Антына адал күйінде көз жұмды.

20160609105541

Саттар Ерубаев атындағы өзі оқыған мектептегі шараның бірінде

Досболға әскери үлгідегі киім құйып қойғандай жарасқан екен. Тіпті, оқушы кезінде Досбол әскери адамға тән сымбатымен жақындарын сүйсіндіріп жүрген.

20160609105545

Досбол сыныптастарының арасында

«Бірге оқыған оқушы кезімізде оның жаман қылық танытқанын көрген емеспін» дейді бізбен сұхбаттасқан марқұм Досболдың сыныптасы Жанар Байходжаева. «Достарының арасында сыйлы болған Досбол атына заты сай, бауырмал, дос болды. Қарапайымдылығы мен салмақтылығы өзіне жарасатын» деп жанарына жас алды Жанар.

20160609105550

(Досбол мен Үлзада)

«Досбол өте бауырмал жігіт еді»,- дейді Досболдың тағы бір сыныптасы Үлзада Ұзақбай. «Біз үшін оның орны ерекше болатын. Досбол ақкөңіл, бауырмал жігіт еді. Ол  əрдайым көмек қолын созатын, үнемі жайдарлы жүретін, өзін байсалды ұстайтын» дейді кеудесіне өксік толған Үлзада.

20160609105554

Оқушы кезіндегі Досбол

Үлзада Досболдың халық білмейтін бір сырын ашты. Ол ат құлағында ойнаған шабандоз болыпты. Ал, Досболдың әскерден келіп орындаймын деген басты арман-мақсаты – Қазақстан құрамасы үшін көкпар тартысу болған екен…

Ерлікпен қаза тапқан Досбол Еркінбекұлы

Амал қанша, «ұлым батыр болады» деген ата-ананың да, «»жүйрікке мініп, кең даламда бір жүйіткісем ғой» деген батырдың арманы да 5 маусым күні террористердің қолынан қаза тапқан Досболдың жүрегі тоқтаған сәтте, жұлдыздай жерге ағып түсті.

Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері әскер Досбол Сапардың қалай қаза тапқанын айтып берді

Желіде Ақтөбедегі “Паллада” дүкені жанындағы атыстың бейнежазбасы пайда болды (видео)

Лаңкестер кепілге алған автобустың жүргізушісі болған жағдайды баяндап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев
  • Анонимно says:

    жаны жәнәтта болсын топырағы торқа болсын и жанымсол

  • Асанбек says:

    Жаны жəнəтта болсын,топырағы торқа болсын.

  • Жұмбақ жан says:

    Осы окиганы корген сайын козимнен жас тогиледи.Ози жап жас едигой…Осип келе жаткан урпак болашагы не болмак?! Казак пен казак бир-бирин кырып жаткан заманда кашан тыныштык болады?

  • Жұмбақ жан says:

    Козиме жас келип, журегим ауырады. Жаткан жери жаннаттан болсын.

  • Жұмбақ жан says:

    Жаны жумақта болсын! Аллам ата-анасына қуат берсін

  • Жанар says:

    Елімді қорғаймын деп кеудесін лаңкестерге қойған Досбол батырлық жасады. Иманды болсын.

  • Зарина says:

    Оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталмақ. Жаны жәннатта болғай! Ата-анасына Аллам күш-қуат, сабырлық бере гөрсін.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар