Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде теракт кезінде ерлік көрсеткен экс-полицей өтемақы алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды

Ақтөбеде 2016 жылы теракт кезінде жарақат алған экс-полицей еңбекке жарамсыздығы үшін өзіне тиесілі өтемақыны алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды. “Паллада” қару дүкеніне террористер шабуылы кезінде Әлібек Жетіғарин қолы мен ішінен жарақат алған. Сол кезде ерлік жасады деп танылған полицей одан кейін ешкімге керек болмай қалғанын айтады.

Ақтөбеде теракт кезінде ерлік көрсеткен экс-полицей өтемақы алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

25 жастағы Әлібек – 2 жыл бұрын террористерге қарсы тұрған полицейлердің бірі. Бұл әрекеті үшін сержант “Ерлігі үшін” медалімен марапатталған. Алайда артынша кәсіби тұрғыдан жарамсыз деп қызметінен босатқан. Алған жарақатының кесірінен Әлібек 50 пайызға жұмысқа жарамсыз болып қалған.

“Ол біздің жұмысымыз. Солай жасау керек болды. Бірақ болар іс болған соң, алғашқыда маған деген көзқарас жақсы болып, кейіннен аздап ұмытылып кетті. Бізді ұмытып кетті. Өзіме тиесілі нәрсені алу үшін соттан сотқа жүгіруге мәжбүр болдым”, – дейді Жетіғарин.

Әлібек сот арқылы жұмысынан айырылып, шығынға кіргені үшін 850 мың теңгеге жуық, сондай-ақ, моралдық өтемақы ретінде 500 мың теңге ақша өндіріп алды. Алайда экс-полицей өзінің арызында 3 миллион теңге талап еткен. Соған қарамастан, Әлібектің қайта сотқа жүгінер ойы жоқ. Қолына түскен ақшаға Әлібек денсаулығын қалыпқа келтіріп, жұмыс іздемек. Қазіргі уақытта отбасы оның жәрдемақысына күн көріп отыр.

Ақтөбеде теракт кезінде ерлік көрсеткен экс-полицей өтемақы алу үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды

“Оған жеңіл жұмыс берілуі тиіс еді. Бірақ оған ұсынбастан, бірден жұмыстан шығарған”, – дейді адвокат Раушан Ізтілеуова.

2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбедегі теракт кезінде 7 адам көз жұмды. Оның ішінде кездейсоқ адам, полицей мен ұлттық гвардияда қызмет еткен әскери де болған. Тағы 22 адам жарақат алған. Радикалдар тобы екі бірдей қару дүкеніне шабуыл жасап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алмақ болған. Шабуылға тойтарыс берілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр