Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде теміржол бекетінің бастығы әйелдерді құлдықта ұстап келген

Ақтөбе полицейлері екі әйелді құлдықта ұстап келген теміржол бекетінің 53 жастағы басшысын ұстады.

v-udmurtii-arestovany-zhenschiny-prodayuschie-devushek-v-seksualnoe-rabstvo_1

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың мәліметінше, 17 ақпан күні ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі әйелді құлдықтан босатқан.

29 және 44 жастағы әйелдер облыс орталығына жұмыс іздеп келіп, Хромтау ауданындағы шаруа қожалығына тап болған. Оларды ол жерде жарты жылдан астам уақыт бойы заңсыз ұстап, жұмыс күші ретінде пайдаланған.

“Күдікті ретінде ауданда жақсы жағдайы бар 53 жастағы тұрғын ұсталды,” – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Аталған жағдай негізінде ҚР ҚК 128 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қазіргі таңда аудандық тергеу изоляторында отыр. Тергеу жалғасуда.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысы тұрғынының әйелін айуандықпен өлтірген сәті жарияланды (видео)

Әріптесін сотқа берген ақтөбелік имамның арызы жала болып шықты (фото)

Қостанай стансасының бастығы өлім алдындағы хатында не жазды

Алматы облысында ұрылар 5 миллион теңгені өртеп жіберді

Талқылау