Ақтөбеде телефон сатумен айналысқан діндар жігіттер ұсталды

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 23:23

Ақтөбенің тәртіп сақшылары қаланың қақ ортасындағы сауда орталығына тінту жүргізді. Әсіресе, ұялы телефон сататын діндар жігіттерді тексеріп, бірнешеуін тергеуге алған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бетперде киіп, қаруланған сарбаздар сауда орталығына сау ете қалғанда сондағы жұрт қорқып қалыпты. Жақын маңды қоршауға алып, ғимаратқа ешкімді жолатпаған. Жергілікті билік полицейлердің ұрланған ұялы телефондарды анықтамақ болғанын айтады. Десе де, сол орталықтағы саудагерлердің дені қауға сақалды, шолақ балақты жігіттер.

Олардың бірнешеуін полиция бөлімшесіне жеткізіп, бірер сағат тергеуден соң босатыпты. Әзірге құзырлы органдар бұл операция туралы жақ ашпай отыр. Соған қарағанда, радикалдық дін ұстанушылармен күресу шарасы болуы да мүмкін. Өйткені, қазір Ақтөбенің сегіз ауданында жат діннің жетегінде кеткендермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған түрлі саладағы 40 шақты маман тартылған.

Ақырында қолға түскен саудагерлердің саны 10-нан асты.

Жіберіп алмаңыз:

Терезеден секіріп кеткен ақтаулық әйел 25 мың доллардың алтынын қолды қылған

Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Қазақстандық лесбиянкалар отбасын сақтап қалу үшін қандай қиындықтарға барып жүргендерін айтты

Астана полициясы айықтырғыштың ішінде қайтыс болған ер адамға қатысты пікір білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар