Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тау боп үйілген қар Сапарбаевтың ашуын келтірді

Үй иелерінің өз беттерінеше омбы қарды шығаруға шамалары жетпей жатқандықтан коммуналдық мекеме көмекке келген. Бүгін көшелерді облыс әкімінің өзі аралап, қарамағындағыларға ескерту жасады. Бұл туралы КТК арнасының тілшілері хабарлады.

0

Бұл өңірге биыл қар жылдағыдан үш есе артық жауған. Синоптиктер болса көктем ерте шығады деп ескертуде. Егер үйілген қар шығарылмаса қаланы су басып қалуы ықтимал. Мұндай болжамнан сескенген облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қары алынбаған көшелерді кезіп жүр.

Заң бойынша ауласының алдындағы қарды тұрғындардың өздері тазартуы тиіс. Алғашқыда жергілікті полицейлер осыны айтып айыппұлмен қорқытпақ та болған. Бірақ көлік жалдап шығаруға көбісінің қалтасы көтермейді.

“10 мың, 15 мың теңге машина жалдауға керек. Тағы 5-6 мың теңгеге адам жалдау керек. Біз зейнеткерміз. Ақша жоқ”, – деп Ақтөбе қаласының тұрғыны Өмірбек Қадыров қарды өздерінің тазалауға қауқарлары жетпейтінін жеткізді.

Биліктегілер де тұрғындардың қалтасына ауыртпалық салмауға келіскен. Тек коммуналшылар жұрт қолғабыс етсе деп отыр.

“Бір өтініш айтатын мәселе мына қар шығару жұмыстары жүргізілген уақытта ауласындағы қарларды алдын ала шығарып қою. Кей уақыттарда болады қар шығару жұмыстары жүргізіліп кетеді қарды кейін шығарып үйіп қояды”, – деді Нағымжан Алдияров, Ақтөбе қалалық автокөлік жолдары және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы.

Коммуналдық мекеме басшылары наурызға дейін қаланы қардан тазартып болатындығын айтты. Жұмысшылар жалқаулық танытпас үшін қар шығаратын көліктеріне новигациялық қондырғы орнатыпты. Сол арқылы жұмыстың тоқтағанын да байқап отырады.

Талқылау