Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде суға кеткен жеткіншектерді аман алып қалуға мүмкіндік болған

Ақтөбеде балаларды қорғау күні қайғылы оқиғамен аяқталды. Қаланың қақ ортасынан ағып жатқан Сазды өзеніне 3 жасөспірім батып кеткен,-деп жазды КТК арнасы.

су

Мерекелік шеруден қайтып келе жатқан оқушылар тер басып, шомылмақ болған екен. Бірақ тереңдігі бойларынан асқанда бірін-бірі тартып суға кеткен. Ең өкініштісі, сол маңда жұрт қаптап жүргенімен, ешбірі құтқаруға талпынбапты.

«Үш бала суға кеткен кезде өзен жағасында біраз адам қыдырып жүргені рас. Бірақ көпшілігі ойын баласы екен. Арасында бір ересек адам болған. Тек ол жүзе алмайтынын айтып, құтқаруға талпынбапты»,-дейді тұрғын.

Суға кеткен Сәлім Аяпбергенов жетінші сыныпты, ал Ернат Жасқайратов пен Шыңғыс Нұрғазы сегізінші сыныпты бітірген. Балаларды қорғау күні мерекелік шеруден қайтып келе жатып, бұл үшеуі Сазды өзеніне шомылып алмақ болады. Кейін суға бойлай алмаған оқушылар бірін-бірі тарта жөнелген.

«Ол өзеннің тереңдігі 3-4 метр болады. Балалардың денесін сүңгуірлер бір сағат бойы іздеп тапты. Оны тәртіп сақшыларына бердік»,-дейді жедел құтқару қызметінің диспечерлік бөлім басшысы Екатерина Кротова

Құтқарушылар оқиғаның қалай болғанын ашып айтпай отыр. Дегенмен, бар жайды оқушылардың мұғалімдері жайып салды. Қазір олар оқыған мектептерде қаралы бұрыш дайындалған. Онда балалардың суреттері қойылыпты.

Ұстаздарының айтуынша, ең бірінші суға 13 жастағы Сәлім түскен. Оның тереңдікке бойлай алмай жатқанын көрген екі досы құтқармақ болады. Жандарында Сәлімнің бауыры да болған. Ең бірінші ата-анасы мен құтқару қызметтеріне хабар берген сол екен.

«Аяқтағы шұлығын шешіп судың тереңдігін қараймыз деген бір бала. Содан түскеннен кейін ұстайтын ештеңе таппаған.Бірінші бала қолын берген. Екінші баланы алып кеткен.

Үшінші бала қолын берген. Ақырында  үш бала кетеді. Төрітінші бала адам іздеген. Үлкен адамдар келіспеген. Бір үлкен адам жүзу білмеймін депті»,-дейді , №31 мектеп директоры Сәуле Баймағанбетова

Қазір суға кеткен балалардың отбасы жаназа садақасын беруге дайындалып жатыр. Көңіл айтып келіп жатқан халықтың қарасы көп.

Олардың көпшілігі қаланың қақ ортасын бойлай аққан өзен жағалауында қауіпсіздік мүлдем қарастырылмағанын айтады.

Бұл өзен жағалауында қоршауда жоқ. Суға шомылуға болмайтыны туралы ешқандай ескерту ілінбеген. Бірнеше рет адам түгілі көлік те түсіп кеткен еді.

Енді осы оқиғадан соң жергілікті билік қоршау мәселесін қолға алмаса, қайғылы жайттың қайталанбаса кепіл жоқ.

Оқи отырыңыз:

Күнделікті екі жұмыртқа жеудің денсаулыққа 9 түрлі пайдасы бар

Кей дыбыстарға адамның не себепті тітіркенетіні белгілі болды

Біз зиян деп бас тартып жүрген 9 өнімнің адам денсаулығына пайдасы зор

 

Талқылау