Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылған отбасы тағы да далада қалды

Ақтөбеде былтырғы су тасқынының салдарынан баспанасынан айырылған отбасы тағы да қиын жағдайда қалып отыр. Олардың жаңа үйі небары 20 минуттың ішінде өртеніп кетіпті.

Ақтөбеде су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған отбасы тағы да далада қалды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Былтыр үйіміз су астында қалды. Жаңа үйде жаңа өмір бастаймыз деп ойлап едік. Тағы да қиын жағдайда қалып отырмыз. Үйдегі теледидар, тоңазытқыш, киім-кешек, құжаттар, бәрі өртеніп кетті», – дейді үй иелерінің қызы Ақсұлу Айдосова.

Өрт күндіз сағата 14:00 шамасында болған. Алдымен үйдің шатырынан шыққан өрт артынша бүкіл үйді жалмапты. Ал үй иелері терезені сындырып шығыпты. Олардың егде жастағы ата-анасы иіс тиіп ауруханаға түскен.

6 адамнан тұратын Сарбиевтер отбасы ендігі тағы баспанасыз қалып отыр. Олар желіде көпшіліктен көмек сұрауда. Ал әкімдіктегілер тек зейнеткерлерге көмектесетінін алға тартты.

«Екі бөлмелі пәтер жалдап қойдық. Бір ай бойы пәтерақы мен коммуналдық қызмет ақысын өзіміз төлеп береміз. Алайда, менің ойымша, бұл пәтерде тек ата-апасы тұра алады. Отбасы қайтадан өз үйін тұрғызу үшін қол ұшын беріп, бәрін жасауға тырысамыз», – дейді Қурайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Тұрмағамбетова.

Өрттің неден шыққанын мамандар анықтайтын болады.

Ал отбасыға бастапқы уақытта мемлекеттен көмек ретінде берілетін 70 мың теңгені місе тұтуға тура келеді.

Оқи отырыңыз:

4 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген қазақ қызы жантебірентерлік хикаясын баяндады

Дәурен Абаев Астананың 20 жылдығы несиелік ақшаға тойланатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

“Бие – түйенің әйелі” деп жауап берген қазақ жігіті ел алдында масқара болды (видео)

Жүрегі батыстан, өзі оңтүстіктен: Қазақстандық келіншекке ер адамның жүрегі ауыстырылып салынған

Талқылау