Ақтөбеде СПИД-ке шалдыққандар қатарында лауазымды тұлғалар мен мұғалімдер бар

Жұма, 13 Мамыр , 2016 14:17

Ақтөбе облысында жұқпалы иммун тапшылығы синдромын жұқтырғандар арасында медицина қызметкерлері мен мұғалімдер де бар болып шыққан.

СПИД1

Сурет new.pavlodarnews.kz

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Тіпті мемлекеттік қызметкерлер арасында да аты жаман ауруға шалдыққандар кездескен. Бұл туралы облыстық СПИД орталығының арнайы брифингінде айтылған.

Мамандардың айтуынша, аталған кесел адамдардың әлеуметтік жағдайына, лауазымына қарамайды. Жеңіл жүріске салынған жандар ЖИТС-ты бірінші жұқтырады дейді олар.

“Бұның ішінде әр түрлі мамандық иесі де бар. Мұғалім де бар, медицина қызметкері де бар, жай жұмсысшы да бар, лауазымды қызметтегі адамдар да бар. Енді жалпы бұл ауру адамның қызметіне қарамайды. Ең бастысы мінез-құлқында ақау жіберетін болса, бей-берекет жүріске салынатын болса, бұл аурудың алдында барлығы да бірдей”, – дейді Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Айбарша Төребаева.

Орталықтың дерегінше, өткен 4 айда аталған дертті 10 адам жаңадан жұқтырған. Жетеуі жыныстық жолмен ауруға шалдыққын. Бұл қауіпті вирустың шақалақтарға құрсақта және ана сүтімен жұққаны белгілі болды. Қазір облыс бойынша 183 адам тіркеуге алынған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар