Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде Сирияға кетпек болған 11 адам ұсталды

Ақтөбеде Сирияға аттанбақ болған 11 адам ұсталды. Олар қанды соғыс болып жатқан аймаққа барып, соғыс қимылдарына қатыспақшы болған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

8788650

Сурет РИА Новости

“Діни экстремистік топтың 11 мүшесі 19 ақпан күні Ақтөбеде Сирияға кетпекші болған жерлерінен ұсталды. Олардың барлығы Сирия аумағындағы соғыс қимылдарына қатыспақшы болған”, – делінген хабарламада.

Сирия аспақ болғандардың әрекеті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қылмыстық іс болып саналады. Күдіктілер қолға түсіп, қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары басталған.

Талқылау