Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде сіңлісін оттан аман алып шыққан 10 жастағы қыз марапатталды

Сағыныш жәй қыз емес, өзінің ержүректілігімен үлкендерге де үлгі бола алатын батыл қыз болып шықты. 10 жастағы бүлдіршін туған сіңлісін өрттен аман алып шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы оның ерлігін ерекше бағалап, алғыс хатпен марапаттады.

image

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

2016 жылғы 8 қаңтарда Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы өрт байланысының орталық пунктіне телефон арқылы Ақтөбе қаласының “Теплосеть-2” саяжай ұжымының №52 учаскенің саяжай үйінде шыққан өрт туралы хабар келіп түседі.

Шақырту орнына келген өрт сөндіру тобы  бір қабатты жер үйде ағаш аралықтар, шатыр, төбе жабындысы мен үй заттары жанып жатқанын көреді. Өрт сағат 10:15-те шектеліп, сағат 10:37 толықтай жойылады.

Өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткенге дейін 2006 жылы туған он жасар Сағыныш Бекниязова үй ішінде сіңілісімен болады. Өрт пешке кептіріп қойған төсеніштің тұтануынан орын алады. Жалын шарпыған төсеніш еденге түсіп, от пенопластпен қапталған қабырғаларға жайылады.

Сағыныш қорыққаннан көршілерге жүгіріп, көмекке шақырады. Содан соң қайтадан жалынға оранған үйге жүгіріп кіріп, 2014 жылғы туылған кішкентай сіңілісін алып шығады. Өкінішке орай үй түгелімен жанып кетті. Кішкентай қыздың ержүректігі мен батылдығы арқасында бір жарым жастағы сіңілісі аман қалды.

Төтенше жағдайдағы ержүректілігі мен батылдығы  үшін Сағыныш Бекниязова Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының Алғыс хатымен марапатталды.


Оқи отырыңыз:

ОҚО-да полицейлер екі тұрғынды өрттен құтқарып қалды

Алматыдағы дәмханадан шыққан өрттен 46 пәтерге зақым келді

Алматыда алапат өрттің неліктен тез таралғаны белгілі болды

Талқылау