Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде шынтағы сынған 11 жасар оқушы дәрігерлердің салғырттығынан мүгедек бола жаздады

Ақтөбеде шынтағы сынған 11 жасар Алдияр Нұғмановты емдеген хирургтар оны рентгенге түсіріп тексеруді ұмытып кеткен. Соның салдарынан сүйек қисық бітіп, жансыздана бастаған. Содан баланың ата-анасы Ресей мамандарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Енді олар ісіне салғырт қараған дәрігерлерді жазалауды талап етіп отыр, деп хабарлады КТК.

Ақтөбеде шынтағы сынған 11 жасар оқушы дәрігерлердің салғырттығынан мүгедек бола жаздады

11 жасар Алдияр бір жылдан бері шынтағын дұрыс жаза алмайды. Ол былтыр жазда велосипед айдап жүріп, құлап қалған. Содан қолын сындырып, балалар ауруханасында сүйектерін сыммен жалғап берген. Содан бері солақай. Себебі оң қолы бүгіліп қалған.

«Мен сол қолыммен жазуды үйрендім. Бірақ, дұрыс жаза алмаймын. Әріптерім қисық болып кетеді»,- дейді Алдияр.

Кейін сымды алған дәрігерлер тексеру үшін ренгенге түсіруді ұмытып кеткен. Соның кесерінен сүйек қисық бітіп, жүйке талшықтары өле бастайды. Астанаға да апарады. Олар отаны кейінге шегерген. Тек ресейлік мамандар бірден сүйектерді орнына қойып, аз да болса шынтағын жазуға жағдай жасапты.

«Сүйек талшықтары өліп қалған. Соны Мәскеуде профессорлар қайта ота жасап түзеді. Комиссия алдына шығарып ақтөбелік дәрігерлер жіберген қатені айтқанда өзім ұялдым. Енді тағы жыл соңында ота жасату керек»,- деді Алдиярдың анасы Әсел Үйрекбаева.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар болса баланың қолын салған дәрігерлерге шаң жуытпайды. Бірақ дер уақытында рентгенге түсіріп, тексермегені үшін аурухананың бөлім меңгерушісіне сөгіс беріпті.

«Өте қиын сынық болғасын бірінші ота дұрыс жасалған. Қазіргі ота да қолын толық орнына алып келмеді. Специяны алып жатқанда рентген жасамағасын, әдіс бойынша ол деген мына протокол бойынша қате болып есептеледі»,-деп түсіндірді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Шынтағы сынған Алдиярдың ата-анасы ісіне салғырт қараған дәрігерлерден айыппұл өндірмекші. Алғашында Ресейде ота жасатуға жұмсалған екі миллион теңгені сұрап отыр. Бұдан бөлек осы істі тексеруді ішкі істер департаменті де қолға алған. Ондағылар қосымша сараптама тағайындады.

Оқи отырыңыз:

Петропавлда құрамында антибиотиктер бар шұжықтар өртелді

Алматыда бес күн бұрын жоғалып кеткен 4 жасар баланың әжесі немересін біреулер ұстап дейді

Ақтөбелік кәсіпкерлер Рамазан айында арақ саудасынан бас тартып жатыр

Алматы метросында пойыздардың жүру кестесі өзгереді

 

Талқылау