Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкер өлі күйінде табылды

Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкер өлі күйінде табылды.

Кәсіпкердің денесі 5 желтоқсан күні Ақшат ауылынан табылды, деп жазады Aktobenews.kz.

Бір топ еріктілер кәсіпкердің денесін шұңқырдан тапты. Ол өзі хабарлағандай шұңқырдан шыға алмай қалған.

“Кәсіпкер өлі күйінде табылды. Отбасына қайғырып, көңіл айтамыз”, – деп жазылған Инстаграмның Zello.poisk парақшасында.

Одан өзге ақпарат жарияланған жоқ. Кәсіпкер Кенжебай Алдашев бірнеше апта бойы іздеуде болды. Оны полицейлер мен құтқарушылар, туыстары мен еріктілер, ауыл тұрғындары жаппай іздеді.

Кәсіпкер жоғалған күні бауырына хабарласып, өзінің шұңқырға түсіп кеткенін айтқан. Құтқарушыларға да осы сөзді айтып хабарласқан. Алайда бірнеше апта бойы ол мекен-жайдан табылған жоқ еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар