Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде шенеуніктер нашақор өртеп жіберген үйді жөндеуден бас тартты

Ақтөбеде нашақордың кесірінен үйі өртенген тұрғындар жаңа баспанадан күдерін үзді. Жергілікті әкімдік құлағалы тұрған үйді өздерің жөндеп алыңдар деп кеңес беруге ғана жарапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

vvvvc

Көршілеріне кесірі тиген нашақор ауруханадан шыққан бойда қайын жұртына кеткен. Шығынды өтемек түгілі төбе көрсетпеген. Ал оған қатысты тергеуді тәртіп сақшылары тоқтатып қойды. Өйткені ол өртті қасақана қоймаған деп шешіпті.

Айта кетелік, өртенген үйді әкімдік осыдан он жыл бұрын апатты жағдайда деп танып, тұрғындарға пәтер бермек болған. Бірақ ол уәделері әлі іске асар емес. Жергілікті атқамінерлер енді өрттен соң тіпті төбесі опырылып, құр қабырғалары қалған баспананы жөндеу үшін демеушілерден материал ғана алып бере алатынын айтады. Бірақ жөндеу жұмыстарын жүргізуге ешбір құрылыс компаниясы келісер емес. Өйткені ағаштан тұрғызылған үйді қалпына келтіру мүмкін емес.

“Шеге ұстамайды дейді. Ешқандай жөндеуге келмейді. Өйткені шіріп тұрған ағаш оның үстіне өртеніп күйіп тұр. Үгілітіп жатыр өзінен өзі”, – деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Рая Бақтыбаева.

Талқылау