Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде шенеуніктер нан мен қант бағасын қымбаттатқан кәсіпкерлерді сотқа берді

Ақтөбеде монополияға қарсы департамент нан мен қант бағасын көтергендерді сотқа берді. Енді аймақтағы қос бірдей наубайхана мен ірі супермаркеттер қымбатшылық себебін сотта түсіндіруі тиіс, деп хабарлайды КТК арнасы.

мамммммммммм

Жазда ас атасының көтерме бағасын наубайханалар бірден бес теңгеге өсірген. Мұны ондағылар бидай мен комуналдық қызмет құнының шарықтауымен түсіндіріпті. Бірақ тексере келе айтқан уәждері өтірік болып шыққан. Ал тамыз айында тосап қайнату үшін қант алғыштар көбейгенде супермаркеттер де қарап қалмапты. Олар бағаны он пайызға көтерген. Енді монополияға қарсы департамент өкілдері халықты қымбатшылықпен қанағандарды аямаймыз дейді.

«Кәсіпкерлер бағаны өзара келісіп көтерген. Наубайхананың екеуі де бір күнде нан құнын қымбаттатты. Ал супермаркеттер әртүрлі тасымалаушылардан қант алады. Жеткізгендегі бағасы да әркелкі. Бірақ келісіп алып бір құнды қойған. Осы күдігіміз расталып отыр», – дейді Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Сағындық Ерғалиев.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында үйі өртенген отбасы далада қаңғып қалды

Алматы түрмесінде трансгендерді көру үшін қызметкерлер мен қылмыскерлер кезекке тұрды

Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусинова зорлау ісі жайлы ашық айтты

Күтпеген жағдай: Резинадан жасалған еркектер қазақстандық әйелдердің сұранысына ие

Талқылау