Ақтөбеде шамды бояп жатқан жұмысшыны тоқ ұрып қайтыс болды

 

Ақтөбе қаласының маңындағы Заречныйда электр тоғы ұрғаннан 17 жастағы бала қайтыс болып, оның 18 жасар ағасы балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбеде шамды бояп жатқан жұмысшыны тоқ ұрып қайтыс болды

Алғашқы тергеу барысы бойынша, ағайындылар жұмысқа сырлаушы болып тұрған.

Сол күні 62 жастағы жүргізушінің тізгініндегі көтеру автокөлігі шамдар тірегін бояуға шыққан. «Меркурий» ЖҚС қасындағы шамдарды бояу жоспарланған. Кәмілетке толмаған балалар отырған жебе себетін түсіре бергенде, жебенің артқы жағы жоғары вольттық кабельге тиіп кеткен. Салдарынан тоқтар тұйықталып, көтерме автокөлігінде отырғандарды тоқ ұрған.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 3 бөлімінің 156 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Болған оқиғаның мән-жайы және кәмілеттік жасқа толмағандардың жұмысқа тұруы анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық прокуратура мен  ІІД басшысының бақылауында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар