Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде рак дертімен ауыратын екі әйел жоғары қабаттан секіріп өлді

Ақтөбеде екі апта ішінде екі науқас ерікті түрде өзіне қол салып, өмірімен қоштасты.

Екі науқасқа дәрігерлер рак дерті диагноз қойған. Екеуі де терезеден секіріп мерт болды, деп хабарлайды 31 арна.

«Әр адам мұның паллиативті әдіс емес екенін түсіну керек. Бұл адам өлтіру алаңы емес. Олар ауыр жағдайға түскендерге көмек көрсетеді», – дейді Ақтөбе қаласы «Қазақстанның отбасылық дәрігерлері ассоияциясның филиал басшысы Татьяна Острецова.

Паллиативті әдіс бұл – ауыр науқастардың өмірін жақсартатын тәсіл. Ауырсынуды асатын дәрілер беріп, психологтармен жұмыс істейді. Науқастың өзімен ғана емес, туыстарымен де сөйлеседі.

Алдыңғы аптада қатерлі ісікпен ауыратын 33 жастағы келіншек өз пәтерінің 7-қабатынан секіріп кетті. Сенбі күні 49 жастағы әйел онкологиялық диспансердің 5-қабатындағы дәретахнасынан секірді. Оның жазған хаты табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Дәрігерлер өзіне қол салу оқиғасына медициналық қызметтің қатысы жоқ екенін айтады.

«Науқастың дерті айтарлықтай басқаларынан өзгеше емес еді. Ол ауруға төзе алмайтындай күйде болған жоқ. Барлық дәрілері болды. Таңертең жүйе бойынша қабылдап жүрді», – дейді медициналқ орталық басшысы Батыр Оразалин.

Қалай болғанда да, бұл оқиғаның ақ-қарасын анықтау керек. Егер адамдардың дәрі жетіспеушілігінен немесе қызмет ала алмауының себебінен өзіне қол салғаны анықталса, бұғл жайлы облыстық денсаулық сақтау министрлігі жауап береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау