Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде пойызға кешігіп қалған 20 жастағы қыз жоғалып кетті

Көркем атты бойжеткен Бершоғырдан Ақтөбеге оқуға түсу үшін келген. 20 тамыз күні кешке Шалқарға жүретін пойыздан кешігіп, Новый елді мекеніндегі әпкесіне баруды ұйғарған. Бірақ Көркем сол күйі хабарсыз кеткен.

20160824082206

Жоғалған қыз әлі табылмады, деп жазды Диапазон. Жоғалып кеткен Көркем Мақсаттың фотосын туыстары әлеуметтік желі арқылы таратты.

20 тамыз күні шамамен кешке қарай Новыйдағы әпкесінің үйінен шығып, вокзалға жету үшін таксиге отырған. Ол Бершоғырға бару үшін Шалқар пойызына асыққан. Ақтөбеге екінші жоғары білім алу үшін құжат тапсыруға келген. Бір ай бұрын Көркем тұрмысқа шыққан.

Қыздың туыстары хабарлағандай, такси жүргізушісі оны вокзалға дейін жеткізбеген, 5 шағынаудан жетпей, қала ішіне тастап кеткен. Көркем күйеуіне хабарласып, пойызға үлгермейтінін, қайтадан тәтесіне баратынын, автобус жүрмегендіктен такси ұстайтынын хабарлаған.

«Бірақ ол тәтесінің үйіне қайтып оралмады. Телефоны сөндірулі», – деді қыздың әпкесі.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде екі жыл бұрын жоғалған оқушы өлі күйінде табылды

Екі ай бұрын жоғалып кеткен павлодарлық жігіт өлі күйінде табылды

ОҚО-да күйеуі өлтірген келіншектің денесі табылды

Алматыда адасып қалған 4 жасар бүлдіршіннің анасы табылды

Талқылау