Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жүргізуші куәлігін алатындардың сынағын полиция қызметкері тапсырып келген

Ақтөбелік полиция қызметкері Нұрдәулет Саршин қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, жүргізуші куәлігін алғысы келген адамдардың орнына сынақты өзі тапсырып келген. Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық соты Әкімшілік полиция бөлімі, тіркеу-емтихан алу тобының аға мемлекеттік көлік инспекторы Нұрдәулет Саршинге қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақтөбеде полиция қызметкері жүргізуші куәлігін алатындардың сынағын өзі тапсырып келген

Қылмыстық іс материалына сүйенсек, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған полиция капитаны 2017 жылдың желтоқсаны мен ағымдағы жылдың қаңтары аралығында бірнеше адамның орнына «емтихан» тапсырған.

2017 жылдың қараша айында бұрын 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылған Байғараев таныстары арқылы полиция қызметкеріне 20 мың теңге мен құжаттарын берген. Кейін айыпталушы А.Саршин барлығы 40 сұрақтың 36-на дұрыс жауап беріп, Байғараев тапсыруы тиіс емтиханнан өтеді. «Емтиханнан өтті» деген құжатқа қол қойып, иесіне қайтарған. Кейін осы жолмен Н.Нұрбаев, Е.Әуезов, О.Замирайло, Е.Қарашаев, Ж.Жаманов, М.Баймұрзин, Д.Есжанов, Б.Тілеубаев, К.Сатыбалдин, Д.Жанәділов мен В.Гельвихке құжат жасап берді. Бірақ Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімінде жүргізуші куәлігін алатын адамдардың емтихан парақшасы мен теориялық емтихан тапсырғаны туралы ешқандай құжат тіркелмеген. Қылмыстықтық істі қарау кезінде айыпталушы Нұрдәулет Саршин процессуальды келісімге келіп, өзіне тағылған айыпты мойындады.

Мұғалжар аудандық соты айыпталушы Нұрдәулет Саршинді Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану», «Қызметтік жалғандық жасау» баптары бойынша айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Ол өмір бойы мемлекеттік және құқық қорғау саласында жұмыс істей алмайды. Сонымен қатар, полиция капитаны шенінен айырылды.

Оқи отырыңыз:

СҚО-да орыс тілін білмейтін жастар жұмысқа орналаса алмай қиналып жүр 

Өскеменде суға құлап кеткен ана мен баланы құтқарып қалған батырлар оқиғаның мән-жайын баяндап берді

Сағадиев медициналық университеттен қуылған 117 студент жайлы пікір білдірді

Білім министрлігінің басшысы ең қажетті мамандықтарды атады

Талқылау