Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлерге шабуылдауға дайындалған 150 радикалды көзқарастағылар ұсталды

Ақтөбеде полицейлерге шабуылдауға дайындалып жүрген 147 радикалды көзқарастағы адамдар ұсталды.

Бұл туралы журналистерге облыстық ІІД басшысы Махамбет Әбісатов мәслихат сессиясында айтты, деп хабарлайды Sputnik.

Әбісатов Ақтөбедегі полиция бөлімшелерінің не себепті тормен қоршалғанын, Алматы мен Астанадағыдай ашық кеңсе жасамайтынын айтты.

“Біз халықтан алыс болу үшін бөлімшелерді темір тормен қоршаған жоқпыз. Бұл бірінші кезекте террорға қарсы қорғаныс. Бізде бөлімшеде қару-жарақтар бар. Министр тұрғындардың полицияға кедергісіз бара алуын қамтамасыз етуге тапсырма берді. Біз оның бәрін жасап жатырмыз. Ашық кеңселерді полицейлерге жедел жету үшін керек дейді Бізде онсыз да тұрғындар тез арада мәселесін жеткізе алады”, – дейді облыстық полиция басшысы.

Депутаттар сөз алып, қарапайым халыққа көп көңіл бөлу керек екенін, олардың тергеуші мен бақылаушыға жету үшін сағаттап күтетінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау