Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе полицейі жұмысынан қару алар кезде өлердей жарақаттанған

Ақтөбеде 34 жастағы Талғат Байәділов жедел жәрдем қызметінің ауруханасында көз жұмды, деп хабарлайды Диапазон.

BBE8139AE9191824C634D5A60CF892AF0FFFDFE12B49FC08BE76B1213F0B6072

Сурет arms-expo.ru алынды.

“Бұл оқиға қару-жарақ беретін бөлмеде болған. Патрульдік полиция қызметкері жараланып, оны ауруханаға алып кетті. Сол жерде ол көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл қаруды абайсыз пайдаланудың кесірінен болу мүмкін”, – дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин.

Байәділов 2008 жылдан бері полицияда қызмет етті. Оның артында 2 баласы қалды.

Әріптестерінің айтуынша, оларда Макаров пистолеті қолданылады. Әркім оны  қабылдап аларда тексеріп, өзі оқтап алады. Қарумен қоса полицейлерге рация мен қорғаныс киімі беріледі. Қару беретін бөлме  облыстың МАИ ғимаратының 1-қабатында орналасқан. Ол жерге бөгде адам кіргізілмейді екен.

Талқылау