Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жаңа босанған 28 жастағы жас ана көз жұмды

Ақтөбе перзентханасындағы жас ананың өліміне байланысты дәрігерлер жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық ауруханасы жанындағы перзентханада жас ана қайтыс болды. Сәби жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.

«Үшінші деңгейлі перзентханада ана өлімі тіркелді. Қазіргі уақытта тәуелсіз сарапшылардан құрылған комиссия тексеру жұмысын бастады. Потологиялық зерттеу аяқталған соң қорытындысы қосымша хабарланады. Ана өлімі тіркелген соң ауруханадағы босану бөлімінің басшысы жұмыстан босатылып, қызметі төмендеді. Ана мен бала бөлімінің меңгерушісі өз еркімен қызметін босатты. Ол енді дәрігер болып жұмыс істейді. Комиссия қорытындысы прокуратураға беріледі», – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Айта кетейік, ана өлімі тіркелсе, арнайы комиссия құрылып, қорытындысы міндетті түрде  құқық қорғау органдарына жіберіледі. Прокуратура қылмыс белгісін анықтаса, сотқа жібереді.  «Қазір диагнозын айта алмаймыз. Ана мен бала бөлімінің меңгерушісі босандырып алған. Қызметі ақылы болмаған. Жас ана қалада тұрды. Жасы 28-де. Толғақпен перзентханаға жеткізілді. Туған-туыстары мен достарына көңіл айтамыз», – деді Есенаманова.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте жұрттың көзінше сүйісіп отырған екі қыз елдің ашуына тиді (фото)

Қазақ журналисі: Имамдар бүкіл дәстүрімізді жоқ қылатын түрі бар

Қызықты сауалнама: Шетелдіктер Қазақстанның Туын мүлдем білмейтін болып шықты (видео)

Талқылау