Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде “пәтер тонады” деген күдікті түрмеде аузын тігіп, аштық жариялап жатыр

«Пәтер тонады» деген айыппен қамауға алынған ақтөбелік Руслан Карашинов тергеу изоляторында аузын тігіп тастап, аштық жариялап жатыр.

1500372770_img-20170717-wa0001 Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев айтты. Жасұлан Дәулембаевтың сөзіне қарағанда, "Карашинов пәтерге ұрлыққа түсіп, құны бір миллион теңгелік зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті" деген күдікпен қамауға алынған. Пәтер иесі алқымына пышақ төсеген күдіктіні тергеу кезінде бірден таныған. Күдікті де алғашында өзіне тағылған айыпты мойындаған. Бірақ кейінірек ол айтқан сөздерінен айнып, тергеу барысына наразылық таныта бастайды. 27 жастағы ақтөбелік Руслан Қарашинов биыл 30 сәуір күні ұсталған. Қазір ақтөбеліктер «бесінші түрме» деп атайтын тергеу изоляторында отыр. Прокуратураның мәліметінше, айыпталушы Қарашинов 5 шілдеден бері аштық жариялап жатыр. Тағы да оқыңыз: Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ешкімге айтпаған сырларымен бөлісті Алматыда 1 тамыздан бастап жол ақысы 150 теңге болады Мұратхан Тоқмадидің қылмыс әлеміндегі беделі жайында тың ақпарат шықты
Талқылау