Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде өзін жарып жібермек болған кәсіпкер сотталып тынуы мүмкін

Суицид жасаймын деп енді сотталып тынуы мүмкін! Ақтөбеде газ құятын бекетке соғылып өлмек болған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған өзгенің мүлкін бүлдірмек болды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

39 жастағы жігіт Toyota Hilux көлігімен келіп, газ толы мына бөшкеге соғып бір-ақ тоқтапты. Ондағы ойы көгілдір отын атылғанда, өзін жарып жібермекші болған. Бірақ цестернаның майысқаны болмаса, кәсіпкер аман қалады. Артынша көлігіндегі пышағын алып, ішін тілгілеп тастаған. Өмірмен осылай қоштаспақ болған ақтөбелік қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жанынан ешкімді жолатпайды. Ал тергеушілер болса өзіне қол салуға қандай себеп болғанын анықтауда.

“Қазір ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатыр. Бұл адам бекетке әдейі көлігімен соғып тұр ғой. Неліктен олай істеуге мәжбүр болғанын анықтаймыз. Бірақ ол қазір ауруханада. Әзірге осы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғадық. Екіншісі өзін өлтіруге итермелеуге қатысты”, – дейді Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев.

Жіберіп алмаңыз:

22 жастағы қазақ жігітінің есімі жазылған чип Марс планетасын айналып өтпек (фото)

Шымкентте қоқыс полигонынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Ақтөбеде жас бала 11 жасынан бастап жыныстық қатынаста болған

Полицейлер өзімді ұрып, қызымды зорламақ болды: Ақтауда балконнан секірген әйел жағдайды баяндады

Талқылау