Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мүгедек болып қайыр сұрап келген жеткіншектің өтірігі әшкере болды (фото)

Ақтөбеде күнде қайыр сұрап, ақша жинап келген жеткіншектің өтірігі әшкере болды. Жұқа картон қағаздың үстінде отырып, қайыр сұрайтын жасөспірімнің  оң қолы жоқтай көрінген.

photo_28648

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сөйтсе, ол осы уақытқа дейін ақша үшін елді алдап келіпті. Атын айтпаған жеткіншек қасындағыларға сыр бермесе керек. Өйткені сол маңдағы сатушылар оның бір қолының шынымен жоқтығын айтады. Ал, баланың өтірік мүгедек болып отырғанын сезіп қалған тұрғын, оны базар маңындағы үйлердің артқы жағына барып, киімін ауыстырып жатқан жерінде ұстап, екі қолының да сау екенін көрген. Аты Жасұлан екен.

036e47f8d1acf0d145da4b36e7168277

Жалпы, Ақтөбе облысында жыл басынан бері көшелерден қайыр сұрап отыратындарға қатысты 428 іс тіркелген.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік полицейлер бір қолымен қайыр сұрап жүрген жігіттің екінші қолы барын көрсетті (видео)

Қызылордада арнайы зерттеу барысында қайыршы болып киінген жігіттің бір күні

Алматыда мүгедек жігіт өзін бөтен адамдардың құлдықта ұстап қайыршы еткенін айтты

Қытайда қайыршы қоқыс арасынан тауып алған сәбиді асырап, сол үшін өмір сүруде (фото)

Талқылау