Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде өзен бойында ойнап жүріп жоғалған 9 жасар бала іздестіріліп жатыр

Төртінші сыныпта оқитын Біржан Ерсайыновтың суға құлап кеткенін екі оқушы көрген. Бірақ қорыққаннан дер уақытында ешкімге айтпапты. Қазір құтқарушылар суды сүзіп, иісшіл иттер де сол маңды тінтіп жүр, деп хабарлайды КТК.

Безымянный

Дегенмен, кешелі бері Жіңішке өзенінің арнасы көтеріліп, ағысы күшейгендіктен, іздеу шараларына кедергі келтіруде.

Ауладан алысқа ұзамайтын Біржанның кешіккеніне алдымен әжесі алаңдаған. Ол немересі ойнайтын жерлердің барлығын аралап көргенімен, таба алмапты. Дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп, іздеуге мектеп мұғалімдері мен көршілері де кіріседі. Сұрастыра келе Біржанмен бірге ойнаған екі оқушы оның өзенге құлағанын айтқан. Олар бұған дейін үлкендерден қорыққаннан үндемепті.

“Бақырып жылаған. Бірақ балалар келіп айтпаған. Үш баланың ойнаған, қылыштасып ойнаған үш таяғы жатыр су жағасында. Білмеймін. Іздеуде әлі”, – деді Біржанның бөлесі Гүлдана.

Біржанның әке-шешесі Қобда ауданында тұрады. Ауылдағы мектеп жабылған соң баланы әжесінің қолына берген. Ол оқитын меткептегілер де кешелі бері тыным таппай жүр.

“Біржан бірінші партада отырады үнемі. Жаңа қарап отырсам орны ойсырап, ыңғайсыз енді. Бала тез табылса екен. Мүмкін әжесінен,ата-анасынан қорқып, бір жерге жасырынып, киімдерін кептіріп деген сияқты енді неше түрлі ойлар келеді”, – дейді сынып жетекшісі Гүлмира Орынбасарқызы.

Қазір Біржанды іздеуге құтқарушылармен қатар полиция да тартылған. Тәртіп сақшылары иісшіл иттермен жағалауды тінтіп жүрсе, сүңгуірлер өзенді сүзуге кіріскен. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.

Ақтөбе облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің сарапшысы Оксана Кичигина “Ағыс қатты болып тұр. Қоқыс та мұнда көп жиналып қалған. Сондықтан іздестіру қиынға соғып жатыр”, – деп пікір білдірді.

Іздеу жұмыстарына еріген қар суының өзен деңгейін көтеріп жібергені де кедергі екен. Ал құтқарушылар ата-аналарға қызыл су жайлаған қазіргі уақытта балаларын көзден таса қылмауды ескертуде.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Маңғыстауда жігіт 17 жастағы қызды алып қашып, аяусыз ұрып өлтірді

Талқылау