Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік алдына секіріп мінген полицейге күш көрсеткен екі ақтөбелік сотталды

Ақтөбеде полицей мас жүргізушілерді тоқтату үшін олардың көлігінің алдына секіріп мінген. Ал, екі ер адам полицейді капотқа мінген күйі көлікті  тоқтатпай айдаған. Онымен қоймай полицейге күш көрсеткен.

lada.kz_

Фото: mgorod.kz 

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдейді.

Сот шешімі бойынша, екі жүргізуші 6 жылға бостандығынан айырылды.

Сот мәліметінше, 23 сәуір күні куәлігінен айырылған жүргізуші мас күйінде көлік жүргізіп, полицейдің талабын орындамаған. Өзін тоқтату үшін көлік капотына секіріп мінген полицейді көліктен құлатып жіберу әрекеттерін жасаған.

Көлікте отырған екінші айыпталушы сынған бөтелкемен инспекторды жарақаттаған. Сондықтан инспектор оған табельді қару қолдануға мәжбүр болған.

Олар жазасын қатаң түзеу мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте полицейге тіл тигізген тұрғын 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді

Полицей су түбінен неке жүзігін тауып беріп тойдың болмай қалуына жол бермеді (фото)

Шымкент полицейлері өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды

Талқылау