Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде он алты жастағы қыз діндар жігітке тұрмысқа шыққан

Ақтөбеде он алты жастағы қыз діндар жігітке тұрмысқа шыққан. Жалпы мамандардың айтуынша, өңірде  кәмелетке толмаған қыздармен заңды құжатсыз, діни некеге тұрып алып, артынша “талақ” айтып тастап кету оқиғалары күрт көбейген.

фото

сурет islam.ru сайтынан алынды.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Көп ретте жасөспірімдер өздерінен үлкен адамдармен әлеуметтік желі арқылы танысады екен. Артынша олардың арбауына түсіп, тұрмысқа шығуға дейін  барады.  Өткен жылы  кәмелетке толмаған қыздардың ерте ересек өмірге араласуының 33 айғағы, биылдың өзінде төрт дерек  анықталған.

«Шалқар қаласында осындай жағдай анықталды. Екі жақ татуласу арқылы кәмелетке толмаған жанның құқығына қол сұғушылық 122  бап бойынша жасалған, яғни жасөспірім қыз өз еркімен барған ондай жыныстық қарым -қатынасқа. Тараптар татуласқандықтан қылмыстық іс қысқартылды»,- Ақтөбе облыстық прокуратурасының аға прокуроры Индира Сейітқасымова.

 

 

 

Талқылау