Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде оқушы қыз 10-қабаттан құлап мерт болды

13 жастағы оқушы 10-шы қабатта орналасқан пәтер терезесінен құлады.

20161026185847

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні, 24 қазанда орын алған. Қаза тапқан қыз №56 мектепте оқығаны белгілі. 12 шағын ауданда анасымен бірге тұрған. Мұғалімдер ол туралы жақсы пікір айтады, деп хабарлады «Мой ГОРОД».

«Ол жетінші сынып оқушысы болған. Белсенді, ұқыпты болған. Қайғылы оқиға алдында күзгі балға дайындалып жатқан.

Қыздың ата-анасы 2006 жылы ажырасқан. Әпкесі бар, ол күйеуге шыққан», – деді №56 орта мектеп директоры Гүлдария Әбдіғалиева.  Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. ІІД оқыс оқиға немесе қыз өз өзіне қол салғанын анықтауда.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте бес мың теңге үшін аяусыз соққыға жығылған 4 қыздың әкесі қаза тапты

Семейде күйеуімен ұрысып қалған келіншек сәбиін өзенге ағызып жіберді

Қарағандыда Volkswagen жүргізушісі әйелді қағып қашып кеткен

Шымкентте мотоцикл көліктің астына кіріп кетті

Талқылау