Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде оқушы беті ашық жатқан құдыққа құлап кетті

Ақтөбеде сабақтан қайтып келе жатқан 4-сынып оқушысы беті ашық құдыққы құлап кетті, деп жазаы Қазақпарат.

4-сыныпта оқитын қыз бала сабақтан қайтып келе жатқан уақытта беті ашық жатқан құдыққа құлап кетті. Жер беті қар болғандықтан құдықтың ашық жатқаны байқалмаған. Тереңдігі 2-3 метр болатын құдықтан оқушының құтқарушылар алып шықты.

Оқушының құлаған сәтін өзге балалар көріп, көмек шақырады. Қыз баланы құдықтан арқанмен тартып шығарды. Оның денсаулығына зиян келген жоқ. Аман-сау күйінде үйіне жеткізілді.

Анасы еш жерге шағым айтпағанын, алайда құдықтың ашық жатқаны үшін ескерту айтқанын жеткізді.

Қала әкімдігі құдыққа жауапты компанияға арнайы тапсырма берілгенін мәлімдеді. Алайда құдықтың беті қазір тиісті емес ағашен жабулы тұр.

Айта кетейік, 25 қараша күні Астанала осыған ұқсас жағдай болып, оқушының өлі денесі құдықтан табылған еді. Осыдан соң әр қалада беті ашық құдықтар қатаң бақылауға алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау