Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде Ninety One тобын сүйіп тыңдайтын бір топ қыздар облыс әкіміне үндеу жолдады (видео)

Ақтөбе қаласында ел эстрадасындағы атышулы топ Ninety One-ды қолдауға арналған ауқымды акция өтті.

hggg

Акция облыстық әкімдік ғимаратының алдында болды. Топтың 30-ға жуық жанкүйерлері танымал бойз-бэндтің концерттерін қалада тоқтатпауды талап етті. Бір сағатқа жуық созылған акция барысында тәртіп бұзушылықтар орын алмады.

Топтың тыңдармандары сондай-ақ, Ақтөбе облысының әкіміне де арнайы үндеу жолдады. Бұл бейнежазба Инстаграмдағы aktobe_zello парақшасында жарияланды.

Олар облыс басшысына шағым айтып, ол топтың концерттерін қалада өткізбей қою үлкен әділетсіздік екенін айтады. Олар келеді деп арнайы дайындап қойған жоспарларымыз бен сыйлықтарымыз бар деп, “бірнеше күн қалғанда мыңдаған қыздардың көз жасына қалайын деп отырсыздар” дейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде оншақты асаба аталмыш топтың концерттерін қалада өткізбеуді талап еткен еді.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас: “Жұбатуға арналады” деген әнім шықпай жатып хит болды (видео)

Баян Есентаева өзінің тегін өзгертті

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов өзінің “көгілдір” екені туралы сыбыстардың қайдан шыққанын түсіндірді

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

Алмас Кішкенбаев жұбайынан кешірім сұрап, ел алдында тағы бір рет сезімін білдірді

Талқылау