Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде Назарбаев мектебінің оқушысы “Гарри Поттерді” қазақша сөйлетті

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Асылай Сейтенова Джоан Роулингтің Гарри Поттер туралы кітабының сериясын орыс тілінен қазақшаға аударды.

fad1448c-e64a-4176-8108-436d70659ba4 Бұл туралы Today.kz хабарлайды. Енді кітаптың бірнеше бөлімін қазақ тілінде интернеттен оңай тауып, тегін оқуға болады. Жоба авторы аударма ісінің үлкен табыс әкелетінін және бұл жұмысты жалғастыратынын айтты. Тәржімаланған кітап шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге арналған. Танымал серияның әзірге бірнеше сериясы ғана қазақшаға аударылды. Бірақ, "Гарри Поттер және Философиялық тас" кітабын кез-келген интернет қолданушысы жүктеп ала алады. Кітапты қазақша сөйлетуге осы мектептің тағы бір оқушысы Олжас Есенбаев та үлес қосқан. Мұғалімдердің айтуынша Асылай жобаны биыл бастауы керек болған. Алғашқы жұмыс қазірдің өзінде көптің көңілінен шыққан әрі мұғалімдер арасында да жиі қолданылады. Назарбаев зияткерлік мектебі өз кезегінде бұл жобаны ешқандай қаржылық мақсатта жасалмағанын хабарлады.
Талқылау