Ақтөбеде Назарбаев мектебінің оқушысы “Гарри Поттерді” қазақша сөйлетті

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 12:05

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Асылай Сейтенова Джоан Роулингтің Гарри Поттер туралы кітабының сериясын орыс тілінен қазақшаға аударды.

fad1448c-e64a-4176-8108-436d70659ba4

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Енді кітаптың бірнеше бөлімін қазақ тілінде интернеттен оңай тауып, тегін оқуға болады. Жоба авторы аударма ісінің үлкен табыс әкелетінін және бұл жұмысты жалғастыратынын айтты.

Тәржімаланған кітап шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге арналған. Танымал серияның әзірге бірнеше сериясы ғана қазақшаға аударылды. Бірақ, “Гарри Поттер және Философиялық тас” кітабын кез-келген интернет қолданушысы жүктеп ала алады. Кітапты қазақша сөйлетуге осы мектептің тағы бір оқушысы Олжас Есенбаев та үлес қосқан.

Мұғалімдердің айтуынша Асылай жобаны биыл бастауы керек болған. Алғашқы жұмыс қазірдің өзінде көптің көңілінен шыққан әрі мұғалімдер арасында да жиі қолданылады. Назарбаев зияткерлік мектебі өз кезегінде бұл жобаны ешқандай қаржылық мақсатта жасалмағанын хабарлады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Қазақша оқулықты қайдан оқуға болады? Интернет желісі арқылы? Сілтемесі бар ма?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар