Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде нан ішінен мүшеқап тауып алдым деген әжейдің басы дауға қалды

Ақтөбе облысының Қобда кентіндегі наубайхана нан ішінен мүшеқап табылды деп жала жапқан 65 жастағы әжейден 160 теңге моралдық өтемақы талап етуде, – деп хабарлайды informburo.kz.

 64u6t216gps

Қаңтар айында Тамара Райлян есімді әжей дүкеннен сатып алған нан ішінен мүшеқап табылғанын айтқан.

«Нан үйде екі күн тұрды. Біз шетінен кесіп жеп жүрдік. Екі күннен соң ішінен мүшеқап тауып алдық. Дүкенге барып айтып едік, олар «Нан біздікі,  ал мүшеқапты өздерің салып қойғансыңдар» деді. Бірақ мүшеқап нанның ішінде жабысқан күйі жүрді. Келесі күні тағы бір адам нан ішінен мүшеқап тапқанын айтып шағымданды», – дейді әжей.

Тамара Райлянның айтуынша, нан жергілікті «Қобда-Жер» ЖШС-нен шыққан. Ал, наубайхана сараптама нәтижесінде нанның олардан шықпағаны  анықталғанын айтады.

«Әжей бастапқыда нанды наубайханадан алғанын айтқан. Наубайханада нан сатылмайды. Ол қалай алып жүр сонда? Сол үшін көп адамдар бізден нан алмай қойды. Сондықтан одан өтемақы талап етеміз», – дейді наубайхана қызметкері Алтынгүл Бухир.

Талқылау