Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мүгедек балаларды атқа мінгізіп емдеуде

Ақтөбеде иппотерапия әдісімен ем алу мүгедек балалардың қай-қайсысы үшін де қолжетімді. Бұл бастаманы сал ауруына шалдыққан науқастардың ата-аналары қолға алып отыр.

bb5d706051b643199d64b62458498529_L

Олар спорт мектебінің жаттықтырушыларымен бірге Өскемен қаласында арнайы оқу семинарынан өтіп, енді ақтөбелік балғындарды оңалтумен шұғылданып жүр, – деп хабарлайды 24.kz.

Бес жасар Жанерке бүгінде ер үстінде еркін отыра алады. Сырт көзге бүлдіршіннің сал ауруына шалдыққаны байқалмайды. Дәрігерлер оған қатерлі диагнозды үш жасында қойыпты. Тіпті ем қонуы неғайбыл деген қауіп те айтқан. Әйтсе де, атқа мінгеннің пайдасы анық сезіліп келеді.

«Менің қызым осы спорт мектебіне қыстан бері келіп жатыр. Бірталай өзгерістер бар, жақсы. Шпагатқа отыра алады. Атқа мінем десе қуанады, атқа мінгенді жақсы көреді. Гиперкинез біздің диагнозымыз. Қазір жойылып келеді», – дейді сал ауруына шалдыққан баланың анасы Бибігүл Сақаева.

Қазір мұнда 12 бала ем алып жатыр. Оның сыртында 120 науқас кезекте тұр. Жалпы облыста сал ауруымен ауыратын 600-ден астам балғын тіркелген.

«Мен қаңтар айында Өскеменге барып оқып келдім. Осы балалармен жұмыс істеп жатырмыз. Балалар жақсы нәтиже көрсетуде. Оларға ұнап жатыр. Кейбір балалар жетіліп келеді», – дейді жаттықтырушы Шыңғыс Ержанов.

Жаттықтырушылар алғашында Өскемен қаласында арнайы оқудан өтті. Енді екі маман Мәскеуде білімін жетілдірмек. Мұндай мүмкіндік бірінші рет туып тұр. Сондай-ақ, «Нұр-Ақтөбе» ауданында спорт кешенінің құрылысын жүргізуге жер телімі беріледі. Онда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін иппотерапиямен шұғылдануға арналған қолайлы нысан салынатын болады.


Қызылордалықтар азық-түлікті үйлеріне атпен тасып жүр

Моңғолиялық депутат елді өгіз арбамен аралап, Парламентке атпен келді (видео)

Шымкентте су қоймада батып өлген жылқыларды иелері үйлеріне алып кеткен

National Geographic фотобәйгесіне павлодарлық жылқышылардың суреттері ұсынылды

Жылқы етін жеу харам ба?

Сіз суретте қанша жылқы бейнеленгенін таба аласыз ба?

Талқылау