Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мешітте ұрлық жасағандар қолға түсті

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде фотоаппарат ұрлаған екі тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеде мешітте ұрлық жасағандар қолға түсті

«Нұр Ғасыр» мешітінің басқарушысының кабиентінен сандық фотоаппарат ұрланған. Полиция қызметкерлері мешіттегі бақылау камераларының көмегімен ұрыларды анықтап, ұстады. Олар бұрын сотталған 45 және 33 жастағы ақтөбеліктер болып шықты.

Қолды болған фотоаппарт тәркіленді.

Қазіргі уақытта «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау