Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мерт болған террористің артында екі жесір әйелі қалды

10 маусым күні Ақтөбеде террорлық операция кезінде мерт болған террорист Арман Айтуғанның заңсыз некедегі әйелі сот арқылы жәрдемақы өндіріп алды.

Muslim woman

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Ақтөбе соты Арман Айтуғанды 28 жастағы Айзада Өксікқалиевадан туған 8 айлық қыз баланың әкесі деп тапты. Әйелдің айтуынша, олар мешітте некелескен соң неке қию жеткілікті деп санаған. Енді бұл отбасыға айына 23,1 мың теңге төленіп отырады. Арманның Айзададан бөлек өзге де әйелі болған. Ол әйелден үш бала бар. Заң бойынша әр балаға ақша төленеді.

Сот отырысында Арманның туыстары шариғат рұқсат еткендіктен оның шынында да екі әйелі болғанын, бірінші әйелі екіншісіне ешқандай қарсылық танытпағанын айтты.

Сонымен қатар Айзада қалалық АХАЖ бөліміне барып қызына әкесінің тегін жазуға арыз жазған.

Дмитрий Матвеев

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО әкімі қоластындағы қызметкерлердің жұма намазға баруына тыйым салды

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп жұртты шошытты

Талқылау