Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мектептің төбесі опырылып, оқушыларға құлады

Ақтөбеде мектептің төбесі опырылып түсіп, салдарынан оқушылар зардап шекті.

Ақтөбеде мектептің төбесі опырылып, оқушыларға құлады

Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметіне  сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 30 қарашада №40 мектепте орын алған. ТЖК мәліметінше, мектептің 2-қабаттағы акт залының төбесі құлаған.

Нәтижесінде 9 оқушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 9-сынып оқушысы ауруханаға жатқызылды. Қалған 8 оқушы үйлеріне жіберілді.

Ақтөбеде мектептің төбесі опырылып, оқушыларға құлады

Облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысының сөзінше, балалардың денесі көгеріп қалған.

«Акт залындағы киім ауыстарытан бөлменің төбесі құлады. Мектеп қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақыртқан. Қалалық әкімдікпен комиссия құрылды. Олар оқиғаның мән-жайын анықтайды», – дейді облыстық әкімдіктегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау