Ақтөбеде мектеп инспекторы жасөспірімді ұрып-соқты деп күдіктелуде

Ақтөбеде мектеп инспекторының оқушыны ұрып-соққаны жайлы Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында хабарланды.

Ақтөбеде мектеп инспекторы жасөспірімді ұрып-соқты деп күдіктелуде

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Инспектор оқушыны мектеп формасын киіп келмегендіктен соққыға жыққан көрінеді. Оқиға Ақтөбе қаласындағы №2 орта мектебінде әжетханада болған.

«22 қыркүйекте №2 мектепте директордың тәрбие жөніндегі орынбасары мектеп формасын кимеген баланы инспекторға апарған. Жасөсіпірім сол кезде соққыға жығылып отыр. Оқушылардың сөзіне қарасақ, инспектор оқушыға мектеп дәретханасында электрлік шокер қолданған», – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Бұл оқиғадан кейін баланың ата-анасы директорға жүгінген екен. Алайда, мектеп директоры бұл жағдайға жауапты емес екенін айтқан.

Кейіннен бұл оқиға жайлы әлеуметтік желіде жазба жарияланып, арты үлкен шуға ұласты.
Оқиға жайлы бүгінде облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде айтылды. Министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, №2 орта мектепте болған оқиғаға ресми тексеру жүргізілуде. Оның нәтижелері кейінірек жарияланатын болады.

«Алайда кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектордың балаға электрлік шокер қолданғаны туралы ақпарат расталмады», – деді Сарқұлов.

Ал оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Раиса Үтенова жағдайды «әлі шешілуі тиіс оқиға» деп атады.

«Қазіргі уақытта ресми тергеу жүргізілуде. Оқушы әдеттегідей мектепке келіп жүр, ал инспектор жұмысынан уақытша босатылды. Онымен ІІД айналысуда және инспектордың кінәлі, кінәсіздігі сонда анықталады. Сол күні оныншы сынып оқушысы сабаққа мектеп формасынсыз, спорттық киіммен келді. Бұл мектеп формасы болып табылмайды. Оқушының мектеп формасын кимей келгенін көрген мұғалімдер балаға ескерту жасаған. Содан кейін кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі 22 жастағы инспектор баланы әңгімеге шақырды», – деп түсіндірді Үтенова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар