Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мәйітхана қызметкерлерінің мазасын қашырған директор жұмыстан қуылды

Осы өңірдегі сот-медициналық орталыққа Дәурен Аймақов 3 апта бұрын ғана басшы болып келген болатын, деп хабарлайды КТК.

0dp

Бірақ басшының сөзі қарамағындағылармен келгеннен-ақ жарасқан жоқ.  Қызметкерлер өткен аптада наразылыққа шығып, тіпті бұрын сотталған адамның қол астында жұмыс істеп жүргенін ашық айтқан. Өйткені, Дәурен Аймақов бұрын ішкі істер саласында жүргенде біреуге қысым көрсетіп, қызметін асыра пайдаланғаны үшін істі болған екен.

Бірақ шатақ басшының өзі бұл туралы ештеңе айтқысы келмеді. Сол наразылықтан соң ол бір күн ішінде қызметінен кетіпті. Оның орнына бүгін Алтынбек Есқұлов сот-медициналық сараптама орталығына директор болып жайғасты. Ол бұған дейін Астанадағы әділет департаменті басшысының кеңесшісі болып қызмет атқарыпты. Ал Дәурен Аймақов, қызметкерлеріне өкпелегені сонша, қоштасуға да келмеген.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда 16 жастағы қызды интернетпен танысқан ер адам зорлап кетті

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болған

Алматылық ер адам 17 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді

Талқылау